Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№94 газет

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Аудиторлық тексеріс жүргізілді

Аудиторлық тексеріс жүргізілді

Қызылорда облысы бойынша ішкі  мемлекеттік аудиті департаменті тарапынан Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының  «№4 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне 2021 жылдың 14 желтоқсанында аудиторлық іс-шара жүргізілді.

Аудит барысында, Қазақстан Республикасының  2015 жылғы  23 қарашадағы №414 Еңбек Кодексінің 127-бабының  2-тармағының,  Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының  2018 жылғы 29 желтоқсандағы №1006 «Оқу жаттығу сабақтарын және спорттық іс-шараларға қатысушылардың тамақтану нормаларының шығыстарын белгілеу туралы»  бұйрығының,  Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің  2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу Қағидасының  225 тармағының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 тамыздағы №1210 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына арналған жанар-жағармай материалдары шығыстарының және автокөлікті күтіп ұстауға арналған шығыстардың нормаларын бекіту туралы» Қаулысының  9-тармағы,  ҚР Бюджет кодексінің 97-бабы 6-тармағының және  Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 272-бабының талаптары сақталмау салдарынан жалпы 23 200,7 мың теңге сомасында қаржылық бұзушылықтар анықталды.
29 қыркүйек 2022 ж. 320 0