Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 55 газет

26 шілде 2025 ж.

№ 54 газет

22 шілде 2025 ж.

№ 53 газет

19 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Азық-түлік келісімшарт корпорациясы бидайдың тоннасын 125 мың теңгеден сатып алады

Азық-түлік келісімшарт корпорациясы бидайдың тоннасын 125 мың теңгеден сатып алады

Азық-түлік келісімшарт корпорациясы бидайдың тоннасын 125 мың теңгеден сатып алады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Осы жылдың маусымында Азық-түлік келісімшарт корпорациясы форвардтық келісімшарт аясында шамамен 1,1 млн тонна ауыл шаруашылығы дақылдарын сатып алуды жоспарлап отыр. Бұл ретте корпорация сатып алу бағасын белгілеп қойды. Осылайша 3-сыныпты бидай сапасына қарай 121-125 мың теңге бағамен сатып алынатын болады. Бұрын форвардтық шарт жасалған басқа да ауыл шаруашылығы дақылдарына баға белгіленген», - деді Ербол Қарашөкеев.

Оның атап өтуінше, белгіленген сатып алу бағасы нарықтың барлық қатысушыларына, оның ішінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өздері үшін әділ баға саналады.

«Биыл 26 қыркүйектегі жағдайға сәйкес, шарт бойынша қайтарылған астық небәрі 12,3 пайызды құрап отыр. Осыған байланысты, облыс әкімдіктері осы жылғы 1 қарашаға дейін шарт бойынша астықты қайтаруды жеделдетуі қажет», - деді министр.
27 қыркүйек 2022 ж. 308 0