Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Азық-түлік бағасы басты назарда

Азық-түлік бағасы басты назарда

Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі аудандағы ірілі-ұсақты азық-түлік сатумен айналысатын сауда орындарына мониторинг және азық-түлік өнімдерінің сатып алу бағасынан 15% пайыз асырмау жөнінде кезекті түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Мониторинг жүргізу кезінде сауда орындарында қант қорының аз болуына байланысты облыстық ауыл шаруашылығы басқармасымен бірлесіп бүгінгі күнге ауданға 9 тонна құмшекер жеткізілді. Нәтижесінде сауда нысандарында құмшекердің 1 келісі 650 теңгеден 550 теңгеге арзандап халыққа сатылуда.

Аталған жұмыстар алдағы уақытта жалғасын тауып, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі тарапынан азық-түлік қоры мен бағаларына тиісті мониторинг жұмыстары жүргізіліп отырылатын болады.

Сырдария аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі.
03 қыркүйек 2022 ж. 554 0