Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№75 газет

03 қазан 2026 ж.

№74 газет

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 газет

26 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Нан бағасы қымбаттай ма?

Нан бағасы қымбаттай ма?

Десе де, ауыл шаруашылығы министрлігі өңірлік тұрақтандыру қорларының арқасында әлеуметтік нанның бағасы өзгермейтініне сендіріп отыр

Астық түсімінің төмендігі нан бағасына болар-болмас әсер етуі мүмкін. Бұл туралы ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді, – деп хабарлайды sputniknews.kz

"Нан бағасына тоқталсақ, әзірге ол тұрақты. Әлеуметтік нанның бір бөлкесі – 78 теңгеден 85 теңгеге дейін. Бидай бағасы өскен жағдайда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар, әкімдіктердің тұрақтандыру қорлары, "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" іске қосылады", - деді Сапаров брифингте.

Вице-министрдің пікірінше, нанның қымбаттауы жайлы айту әлі ерте.

"Егін ору науқаны әлі жүріп жатыр, астық алқабының шамамен 20 проценті орылған жоқ. Баға өскен күннің өзінде, болар-болмас қана көтеріледі. Бірақ әлеуметтік нанның бағасы сол күйінде қалады, өйткені қазір әкімдіктер тұрақтандыру қорларына ұн сатып алып, қамданып жатыр. Әлеуметтік нанға қатысты проблема көріп тұрған жоқпыз", - деді ол.

Министрліктің мәліметінше, қазір 2,5 миллион тоннадан астам астық элеваторларға жеткізілген.


"Бидай ылғалды күйінде түсті. Алайда облыстардың өтінішімен үкімет астықты кептіру үшін қырмандарға тағы 50 мың тонна жанар-жағармай бөліп жатыр", - деді Сапаров.



30 қыркүйек 2019 ж. 678 0