Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану

Кездесу барысында Тоғызбаев Қайрат Әбенұлы жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылары жердi оның нысаналы мақсатына сәйкес, уақытша жер пайдалану кезiнде – оның ішінде, жалдау шартына (уақытша өтеусiз жер пайдалану шартына) сәйкес пайдалануға міндетті екенін атап өтті. Сонымен қатар, мақсаты бойынша пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бойынша меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға аудандық (қалалардағы аудандардан басқа) атқарушы органдар, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы жазбаша нұсқаманы табыс еткен күннен бастап ҚР Салық Кодексінің 503-бабында белгіленген базалық салық мөлшерлемелері жиырма есеге ұлғайтылатындығы бойынша түсіндірме берді.
Тоғызбаев Қайрат Әбенұлы шаруашылық төрағалары тарапынан туындаған проблемалық сұрақтарға жауап беріп, жиналыс аяғында жайылымдық жер учаскелері бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру базасына төрт-түлік мал басын тіркеп, суармалы егістікте ауыл шаруашылығы дақылдарын егу арқылы жер учаскелерін нысаналы мақсатына сәйкес пайдалану қажеттілігі жөнінде айтып, жиналысты қорытындылады.
Сырдария аудандық жер қатынастары бөлімі