Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Өткен жылы облыстың бюжеті 100,7 пайызға орындалды

Өткен жылы облыстың бюжеті 100,7 пайызға орындалды

Облыстың бюджет қазынасы 2021 жылдың қорытындысымен 100,7 пайызға орындалып, 2,6 млрд.теңге қаржы артық түсті. Кірістер көлемі – 102,7 пайызды құраса, шығыс жоспары 98,1 пайызға орындалды. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық қаржы басқармасының басшысы Елена Шаврова мәлімдеді.

- Аймақ бюджетінің шығыс жоспары 98 пайызға игерілді. Ал игерілмеген қаржы көлемі - 7,5 млрд.теңгені құрады. Оның 3,6 млрд.теңгесі бюджет қаржысының үнемделуінен болса, 3,9 млрд.теңге басқа да субьективті салдардан орындалмады. Жалпы бөлінген қаржылардың уақытылы игерілмеуінің негізгі себебі – мердігерлер мен тауар жеткізушілердің өз міндетін толық орындамауынан болды. Жалпы жыл басынан бері коммуналдық меншіктегі нысандарды жекешелендіру арқылы бюджетке 294,5 млн. теңге түсті. Бұл соңғы 5 жыл ішінде болған ең жоғарғы көрсеткіш. Сондай-ақ, жекешелендірудің кешенді жоспарына 13 нысан енгізілген. Оның 9-ы коммуналдық меншіктегі нысан. Ашық электронды сауда-саттыққа тозығы жетіп ұсынылған 100 автокөлік пен бір ескі ғимарат аукцион арқылы сатылып, бюджетке 60,0 млн теңге қаржы түсті, - деді басқарма басшысы Елена Шаврова.
11 ақпан 2022 ж. 509 0