Кәсіпкерлікті қолдау күн тәртібінен түспейді
Аудан әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен аппарат мәжілісі өтіп, күн тәртібінде негізгі екі мәселе қаралды. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, кент және ауылдық округ әкімдері, бөлім, мекеме басшылары қатысты.
Алдымен, аудан әкімі кадрлық өзгеріспен таныстырып, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы лауазымына Айекешов Жігер Ондасынұлының тағайындалғанын жеткізді. Жаңа басшыға жауапкершілігі мол жұмыста жеміс пен сәттілік тіледі.
Мұнан соң аудан басшысы жылдың қорытындылануға жақын қалғанын айтып, ауданның негізгі әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарына талдау жасады. Оның ішінде, шағын және орта кәсіпкерлік саласының көрсеткіштеріне тоқталып, халықты жұмыспен қамтуда саланың алатын орны ерекше екенін атап өтті. Аудан әкімі кәсіпкерлік саласын дамыту мәселелері күн тәртібінен түспейтінін аппарат мәжілісіне қатысушылардың назарына салды.
Алдымен, аудан әкімі кадрлық өзгеріспен таныстырып, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы лауазымына Айекешов Жігер Ондасынұлының тағайындалғанын жеткізді. Жаңа басшыға жауапкершілігі мол жұмыста жеміс пен сәттілік тіледі.
Мұнан соң аудан басшысы жылдың қорытындылануға жақын қалғанын айтып, ауданның негізгі әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарына талдау жасады. Оның ішінде, шағын және орта кәсіпкерлік саласының көрсеткіштеріне тоқталып, халықты жұмыспен қамтуда саланың алатын орны ерекше екенін атап өтті. Аудан әкімі кәсіпкерлік саласын дамыту мәселелері күн тәртібінен түспейтінін аппарат мәжілісіне қатысушылардың назарына салды.
Мәжілістің бірінші мәселесі де осы салада атқарылған жұмыстарға арналды. Аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Н.Қарсақбаев хабарлама жасап, жыл бойы атқарылған жұмыстарды баяндады. Бөлім басшысының айтуынша, 2021 жылы аудан бойынша 2593 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. Оның 2420-і нақты жұмыс істеп тұр. Жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің тіркелгендерге үлесі 93,3 пайыз құрайды. 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 6,0 пайыз өскен.
– Кәсіпкерлерді қаржылай қолдау жұмыстары жетілдірілуде. Соның аясында 2021 жылдың 11 айының қорытындысымен ауданда мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясында құны 2951,0 млн теңгені құрайтын 527 жобаға қаржылай қолдау көрсетілді. Оның ішінде, құны 2790,9 млн теңгенің 284 жобасы несие болса, құны 160,0 млн теңгенің 243 жобасы грант. Атап айтқанда, «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша құны 457,6 млн теңгенің 85 жобасы қаржыландырылды. Олардың басым бөлігі мал басын көбейту, мал бордақылау жобалары. Осы бағдарламаның екінші бағыты аясында «Стартап» жаңа бизнес идеяларды іске асыру мақсатында 583 400 теңгеден 235 адамға 137,1 млн теңге көлемінде мемлекеттік қайтарымсыз грант берілді. «Микробизнес-Қызылорда» бағдарламасы бойынша құны 99,0 млн теңгенің 25 жобасы кеңестің оң шешімін алып, қаржыландырылды, – деген бөлім басшысы «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша құны 49,1 млн теңгенің 14 жобасы қаржыландырылғанын мәлімдеді.
Айта кету керек, ауданда «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасының пайыздық мөлшерлемелерін субсидиялау, кепілдендіру бағыттары бойынша құны 469,1 млн теңгенің 90 жобасы екінші деңгейлі банкттер тарапынан қаржыландырылған. Осы бағдарламаның грант беру тетігі аясында конкурсқа 37 жоба ұсынылып, құны 23,0 млн теңгені құрайтын 8 жоба грант жеңімпазы атанған. Сонымен қатар «Кең дала», «Агробизнес» және «Сыбаға» бағдарламалары бойынша 321,0 млн теңгенің 13 жобасына мемлекет тарапынан қолдау көрсетілген. «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның Қызылорда филиалы арқылы аудандағы 17 шаруа қожалығы құны 1395,1 млн теңгеге 57 ауылшаруашылық техникалары мен құрал-жабдықтары алынған.
Аудан басшысы шағын және орта кәсіпкерлік саласы аудан экономикасының басты тірегі екенін атап өтті. Бұл бағыттағы жұмыстарды аудан орталығынан бөлек шалғай елді мекендерде де үйлестіру қажеттігін айтты. Сондай-ақ, бірқатар ауыл әкімдеріне мемлекеттік қолдау жұмыстарының тиімділігін халыққа кеңінен түсіндіру мақсатындағы жұмыстарды жандандыруды міндеттеді.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе жылу беру маусымының өту барысына арналды. Бұл мәселе бойынша аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Е.Бахтияров баяндама жасады. Бөлім басшысының мәліметінше, аудандағы 80 әлеуметтік нысандағы жылу беру жұмыстары толық бақылауға алынған. Бұл бойынша аудан әкімінің өкімі қабылданып, аудан бойынша барлық нысанда 10- қазаннан бастап жылу берілген.
– Аудан бойынша әлеуметтік нысандарға қажетті 2513,7 тонна сұйық және 3387,6 тонна қатты отын сатып алуға облыстық және аудандық бюджеттен 493,8 млн теңге қаржы бөлініп, игерілді. Бүгінде әлеуметтік нысандар сұйық және қатты отынмен толық қамтылған. Осы орайда, ағымдағы жылдың 21 желтоқсан күні бөлім мамандарымен елді мекендердегі әлеуметтік нысандарға зерделеу жұмыстары жүргізілді. Зерделеу қорытындысымен білім саласы бойынша мектептердің қоймаларында сұйық отын қоры 66,8 тонна, қатты отын қоры 310,4 тонна бар екені нақтыланды. Балабақшалардың қоймаларында барлық сұйық отын қоры 49,8 тонна, қатты отын қоры 94,6 тонна құрап отыр. Ал мәдениет саласы бойынша ауылдық мәдениет үйі мен клубтарда барлық сұйық отын қоры 35,9 тонна, қатты отын қоры 78,8 тонна болса, спорт саласы бойынша 20 тонна қатты отын, 100 тонна сұйық отын бар. Ауруханалардың отын қорында 470 тонна қатты отын, 430 тонна сұйық отын бар. Бүгінгі күнде барлық бу қазандықтар ақаусыз жұмыс жасауда. Айта кету қажет, қазандық орналасқан ғимараттың тозығы жетуіне байланысты құны 76 млн теңге болатын жаңғырту жұмыстарына жоба-сметалық құжаттама әзірленіп, облыстық денсаулық сақтау басқармасына ұсынылған, – деген бөлім басшысы аудандағы көмір тасымалдаушы мекемелердің тұрғындарға қажетті 10,0 мың тонна көмір жеткізіп, қолжетімді бағада сатуы үшін меморандум жасалғанын айтты. Осы күнге дейін елді мекен тұрғындарына шамамен 9700 тонна қатты отын жеткізілген.
Айта кету қажет, қазір «Углесбыт» серіктестігінің базасында «Майкөбе», «Екібастұз» көмірлері сатылымда бар. Бөлім басшысы табиғи газдың берілуіне байланысты көмірге сұраныстың азайғанын да атап өтті. Нақтырақ айтқанда, жобадағы 2162 тұрғын жайдың 1600-і газға қосылған. Сонымен қатар, 25 көпқабатты тұрғын үй мен 58 тұрмыстық-әлеуметтік нысандар «көгілдір отынның» игілігін көруде.
– Кент бойынша әлеуметтік нысандарды газға лайықтандыру мақсатында кенттегі 2 мектеп, 1 әуез мектебі, 2 балабақша, 4 мәдениет нысандары және 9 мемлекеттік мекемелер газға қосылды. Сонымен қатар, 3 балабақшаға мен №210 мектеп қазандықтарын газға лайықтандыру үшін жоба-сметалық құжаттама әзірленіп, облыстық бюджеттен қаржыландырылуға ұсынылды. Құны 143,8 мың теңге болатын «Тереңөзек кентінде орамішілік газ тарату желілерінің құрылысы» жобасын 2021 жылы бастауға республикалық бюджеттен 129,0 млн теңге қаржы бөлінді. Бүгінгі таңда мердігер мекемемен газ құбырларын тарту жұмыстары атқарылып, газды басқару шкафтарын орнату жұмыстары жүргізілуде, – деді Ержан Бахтияров.
Ал А.Тоқмағамбетов, С.Сейфуллин, Қалжан ахун, Шаған елді мекендерін газдандыру жұмыстарына жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуге жергілікті бюджеттен 30,0 млн теңге қаржы бөлініп, жоба әзірленген. Қазіргі таңда жоба экологиялық сараптама қорытындысына ұсынылды. Қорытынды 2022 жылдың қаңтар айында дайын болады және содан кейін мемлекеттік сараптамаға ұсынылатын болады.
Бөлім басшысының баяндамасын мұқият тыңдаған аудан басшысы жылу беру маусымының маңыздылығына тоқталды. Әсіресе, мерекелік демалыс күндерінде халыққа қызмет көрсететін әлеуметтік нысандардың жылу беруі тоқтатылмауы қажеттігін ескертті. Бұл бағытта тиісті бөлім, мекеме басшыларына нақты тапсырма берді.
Мәжіліс соңында аудан басшысы мерекелік демалыс күндері коммуналдық қызметтердің жұмысын қатаң бақылауда ұстау қажеттігін жеткізді. Сонымен бірге, карантиндік талаптарды сақтау үшін мерекелік жиындар, ұжымдық басқосулар өткізуге тыйым салынғанын айтып, жыл қорытындыланар тұста қайырымдылық іс-шараларына атсалысып, мұқтаж отбасыларға көмектескеннің дұрыс екенін атап өтті.
Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ