Қазақстандықтар жаңа жылда дастархан жаюға қанша қаржы жұмсайды?

Сауалнама барысында айлық табысы 100 мыңнан төмен отбасылар мерекелік ас мәзіріне 43 мың теңге, ал жалақысы 300 мыңнан асатындар 79 мың теңге қаржы шығындауға дайын екенін айтқан. Сұралушылардың тек 3 проценті ғана Жаңа жылды қонақта немесе мейрамханада қарсы алатынын жеткізген. Қалғаны үйлерінде атап өтпек.