Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

№93 газет

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Балаларға берілетін жәрдемақы мөлшері қандай?

Балаларға берілетін жәрдемақы мөлшері қандай?

2021 жылғы қаңтардан-қыркүйек аралығында көпбалалы отбасыларға 210,2 млрд теңге мемлекеттік жәрдемақы төленді, орта есеппен 443,5 мың отбасы қамтылды. Соның ішінде қыркүйекте жәрдемақының бұл түрін 415,3 мың отбасыға жалпы сомасы 21,8 млрд теңге алды, деп жазады Egemen.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.

«Төлем мөлшері балалардың санына байланысты сараланып төленеді және 2021 жылы 46 760 теңгені (4 бала), 58 457 теңгені (5 бала), 70 154 (6 бала) теңгені, 81 852 теңгені (7 бала), 8 балаға – 93 344 теңгені, 9 балаға – 105 012 теңгені, 10 балаға – 116 680 теңгені, 11 балаға – 128 348 теңгені, 12 балаға – 140 016 теңгені, 13 балаға – 151 684 теңгені, 14 балаға – 163 352 теңгені, 15 балаға – 175 020 теңгені, 16 балаға – 186 688 теңгені немесе әр балаға 11 668 теңге»,  делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, көпбалалы отбасыларға олардың кірістерін есепке алмай берілетін жаңа мемлекеттік жәрдемақы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде көзделген табысы аз және көпбалалы отбасыларды қолдаудың үш негізгі бағыты шеңберінде енгізілген болатын.

18 қазан 2021 ж. 354 0