Тіршілік тынысы Сырдария аудандық қоғамдық-саяси газет

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 газет

12 қазан 2019 ж.

№ 78 газет

08 қазан 2019 ж.

№77 газет

05 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Жәрдемақы мөлшері белгілі болды

Жәрдемақы мөлшері белгілі болды

Отбасындағы бала саны көп болған сайын, мемлекет тарапынан төленетін ай сайынғы жәрдемақы мөлшері де көп болады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов көпбалалы отбасыларға төленетін мемлекеттік жәрдемақы туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, мемлекеттік жәрдемақы кәмелетке толмаған төрт және одан көп немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студенттері бар көпбалалы отбасыларға табысына қарамастан төленеді.

"Мемлекеттік жәрдемақының мөлшері бала санына қарай сараланады. Әр балаға орташа есеппен 10-11 мың теңге. Бұл 2018 жылдан бастап тағайындалуы тоқтатылған осыған ұқсас жәрдемақы мөлшерінен 7-8 есе артық болады", - деді Нұрымбетов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Осылайша, 4 баласы барлар – 42 500 теңге;
5 баласы үшін – 53 125 теңге;
6 баласы барлар – 63 750 теңге;
7 бала тәрбиелеп отырған отбасылар 73 375 теңге алады.

Нұрымбетовтің айтуынша, егер көпбалалы отбасы табысына қарай тұрмысы төмен отбасы санатына жатса, онда бұл жанұяға атаулы әлеуметтік көмек пен балаларға кепілді әлеуметтік пакет тағайындалады. Сөйтіп көпбалалы тұрмысы төмен отбасы мемлекет тарапынан үш әлеуметтік көмек пакетіне ие болады.




07 қазан 2019 ж. 30 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам