Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » 1 қаңтардан бастап төленетін жәрдемақы көлемі артты

1 қаңтардан бастап төленетін жәрдемақы көлемі артты

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Қазақстанда әлеуметтік жәрдемақылар көлемі өзгереді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, жалпы мүгедектік бойынша әлеуметтік төлем топқа байланысты 32 431-59 872 теңге аралығында төленеді.

Төрт немесе одан да көп кәмелеттік жасқа толмаған және күндізгі бөлімде оқитын 23 жасқа дейінгі студент балалары бар отбасыларға әлеуметтік жәрдемақы табыс көлемінен тыс беріледі: төрт бала үшін - 42 496 теңге, бес балаға - 53 127 теңге, алты балаға - 63 757 теңге, жеті және одан да көп балалар үшін - 74 388 теңге төленеді.

Асыраушысынан айрылғандарға берілетін жәрдемақы адам санына байланысты 26 818 теңгеден 65 797 теңгеге дейін болады. Ата-анасынан айырылған балалардың әрқайсысына 36 796 теңгеден беріледі.

Бала тууына байланысты берілетін біржолғы жәрдемақы: бірінші, екінші және үшінші балаға - 100 776 теңгеге дейін, төртінші бала үшін - 167 076 теңгеге дейін беріледі. Жұмыс істемейтін әйелдерге бір жасқа дейінгі бала күтімі үшін ай сайын бірінші балаға - 15 276 теңге, екінші балаға - 18 061 теңге, үшінші балаға - 20 819 теңге, төртінші балаға - 23 603 теңге жәрдемақы беріледі.

«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқалары бар немесе бұрын «Батыр ана» атағына ие болған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға ай сайын 16 973 теңге мемлекеттік жәрдемақы беріледі.

Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анасына немесе әкесіне, асырап алушысына, қамқоршысына 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап кәмелетке толғанша 43 657 теңге беріледі. Осындай мөлшердегі жәрдемақы бірінші топтағы мүгедек баланы күту бойынша да төленеді.
01 қаңтар 2020 ж. 885 0