Ашраф ЖУСУПОВ, Сырдария ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы: Аудан бюджетінің ауқымы кең
Сырдария ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының мәліметінше, 2021 жылдың І жартыжылдығында мемлекеттік бюджетке 3 062 531,7 мың теңге салықтар мен түсімдер түсіріліп, 2 541 434,1 мың теңге болжамы 120,5 пайызға орындалыпты. Яғни, жартыжылдық жоспар бекітілген болжамнан 5 210 97,6 мың теңгеге артық орындалған. Атап айтқанда, республикалық бюджетке 300 005,9 мың теңге түсім түсірілген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда түсімнің өсу қарқыны 125,9 пайызды құрағанын білдіреді. Осы және басқа да жұмыстар жөнінде «14 тамыз – Салықшылар күні» кәсіби мерекесіне орай Сырдария ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Ашраф Жусуповпен сұхбаттасуды жөн көрдік.
– Ашраф Шағдатұлы, сұхбатымызды еліміздегі салық органдарының құрылу тарихынан бастасақ.
– Өзіңізге белгілі, 1991 жылға дейін, яғни КСРО ыдырағанға дейін елде көбінесе экономиканы басқарудың әміршіл-әкімшіл жүйесіне, бағаларға қатаң мемлекеттік реттеуге сәйкес келетін салық жүйесі қызмет етті. Бюджеттің басты кіріс көздерінің бірі болған айналым салығы тіркелген бөлшек сауда және көтерме сатып алу бағаларын қолдануға және мемлекетті реттеп отыруға бағытталған болатын. Қазақстан егемендікке ие болғаннан кейін 1991-1995 жылдары қабылданған бірқатар заңдарға сәйкес республикада жаңа салық жүйесі қалыптасты.
1991 жылғы желтоқсанның 25-інен бастап біздің елімізде салық жүйесі жұмыс істей бастады. Ол «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» заңға негізделді. Бұл заң салық жүйесін құрудың қағидаттарын, салықтар мен алымдардың түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгіленген алғашқы құжат еді. Осы заңға сәйкес Қазақстанда 1992 жылға қаңтардың 1-нен бастап 13 жалпы мемлекеттік салық, 18 жергілікті салықтар мен алымдар енгізілді. Қазақстан Республикасының Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдап, онда еліміздің салық жүйесі мен салық заңнамасын бірте-бірте халықаралық салық салу қағидаттарына сәйкестендіру көзделді. Осыған байланысты «Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы» 1995 жылғы сәуірдің 24-інде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы қабылданды. Ал еліміздің мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің кәсіптік мерекесі 14 тамызда атап өтіледі. Себебі, 2014 жылдың дәл осы күні салық, кеден комитеттері және қаржы полициясы экономикалық-қаржы бойынша тергеу саласымен біріктірілді.
– Енді салық базасын арттыру мақсатында ауданымызда атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде ақпарат берсеңіз.
– Жыл басынан бері жергілікті бюджетке 2 762 525,8 мың теңге түсім түсіп, болжам (2 278 477,1 мың теңге) 121,2 пайызға орындалды. Яғни, 484 048,7 мың теңге қазынаға артық түсті. Ал аудандық бюджетке 2 256 423,9 мың теңге түсім түсіріліп, болжам (2 128 041,1 мың теңге) 106,0 пайызға орындалды, яғни 128 382,8 мың теңге түсім артық түсті. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда түсімнің өсу қарқыны 93,4 пайызды құрады. Аудан бюджетінің бекітілген бюджеттің жалпы кіріс бөлігінің ең үлкен үлесі 90,0 пайыз 104101 бюджеттік сыныптама коды бойынша заңды тұлғалардың және дара кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салығына тиесілі екенін атап өту керек.
– Аудандық бюджет болжамының артығымен орындалуы туралы тарқата айтсаңыз.
– Аудандық бюджет болжамының артығымен орындалуына ірі кәсіпкерлік субъектілері мен мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы негіз болып отыр. Мысалы, бекітілген болжам 118 732,0 мың теңгені құраса, бюджетке 134 577,7 мың теңге түсім түсіп, болжам 113,3% немесе 15 845,7 мың теңгеге артығымен орындалды. «Абай Дәулет» ЖШС-нің айналым көлемі ұлғайған. Аталған салық төлеушіден 78 506,8 мың теңге түсім түсірілді. Төлем көзінен ұсталынатын жеке табыс салығынан болжам 103 000,0 мың теңгені құраса, бюджетке 263 059,6 мың теңге түсім түсіп, болжам 255,4 % орындалды. Сол сияқты «Әлеуметтік салық» түрлерінен болжам 88 813,0 мың теңгені құраса, бюджетке 266 332,0 мың теңге түсім түсіп, болжам 299,9% орындалды. Артық төлемдер мәліметінен нақты мысал келтірер болсақ, жыл басына артық төленген сома 306 617,9 мың теңгені құраса, атқарылған жұмыстар нәтижесінде 2021 жылғы 1 шілдедегі мәлімет бойынша жоспар 150,3 пайызға немесе 154 422,7 мың теңгеге көбейген.
– Камералық бақылау нәтижелеріне тоқталсаңыз.
– Хабарламаларды өңдеу барысында камералдық бақылау қорытындысымен нақты ақшамен өндірілу деңгейі көрсеткіштері тұрақты бақыланып, тиісті жұмыстар атқарылуда. Ағымдағы жылы хабарламаларды шығару режимі арқылы қалыптасқан хабарламалар негізінде жыл басынан бері 91 хабарлама қалыптастырылып, мерзімінде өңделді. 1 254 868,0 мың теңге бұзушылық сомасы бойынша қосымша салық есептілігімен 144 924,3 мың теңгеге есептеуге салық сомасы тапсырылды. Бұдан басқа, қосылған құн салығы бойынша айналымның мөлшері күнтізбелік жыл ішінде ең төмен айналымнан асып кетіп, алайда, тiркеу есебiне мерзімінде қойылмағаны үшін ауданға қарасты 4 салық төлеуші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынып, өндірілді.
Ауыл шаруашылық өнімін өңдіруші, яғни күріш дақылдарын егетін салық төлеушілерді әкімшіліктендіру мақсатында аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметіндегі егілген егіс көлемін, бөлінген қаржы сомасын, суға берілетін нормативтік есептерін «Казсушар» РМК-нің мәліметімен талдау жұмыстары жүргізілуде.
– Онлайн бақылау-кассалық машиналары арқылы мәліметтерді қолдану бойынша әкімшіліктендіру бағытында қандай жұмыстар жүргізілуде?
– Жалпы, онлайн-БКМ – бұл салық органдарына деректерді онлайн-жіберу мүмкіндігі бар бақылау-кассалық машина. Кассалық аппарат ақшалай есептеулер кезінде пайдаланылады. Егер салық төлеуші тауарды немесе қызметті сатып алса, онда кассалық аппарат арқылы сатып алу-сату мәмілесі белгілену керек және растау үшін кассалық чекті берілуі тиіс. 2020 жылдан бастап ақшалай айналымдармен айналысатын барлық кәсіпкерлер БКМ-ды пайдалануға міндетті. Бұл Қаржы министрлігінің 2018 жылғы 27 қарашадағы №1029 бұйрығында бекітілген. Басқаша айтқанда, БКМ заңды құқықтық аяда болуға және болашақта айыппұлдардан құтылуға құқық береді. Онлайн БКМ мәліметтерін қолдану арқылы әкімшіліктендіру бойынша алдыңғы тоқсан үшін онлайн БКМ фискалды чек бойынша өткізуден алынған түсім 120,5 млн теңгені құрады. Есепті тоқсан үшін түсім 131,0 млн теңгені құрап, өсу қарқыны 108,7 % ұлғайған. Яғни, 10,5 млн теңгеге чек бойынша алынған түсім артығымен түскен. Аз көлемде чек ұрып отырған басқа салық төлеушілермен әңгімелесулер жүргізіліп, нәтижесінде 15 салық төлеуші БКМ арқылы чек ұрып, 37,5 млн теңгеге табысын көтерді.
Аудан бойынша 2725 салық төлеуші бар. Оның ішінде 953 салық төлеуші БКМ алуға міндеттілігі жоқ тұлғалар. Онлайн-БКМ тіркету мақсатында кент және ауыл округтерімен бірлесіп, тиісті жұмыстар жүргізіліп келеді. Нәтижесінде бүгінгі күнге 1451 тұлға БКМ тіркеді. Қазіргі таңда БКМ алуға тиісті салық төлеушілердің саны – 321. Негізінен онлайн-БКМ тіркету күнделікті бақылауға алынып, бұл бағыттағы жұмыстарды толық аяқтау назарымызда.
– Табысын нөлдік көрсеткішпен тапсырып отырған салық төлеушілер мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жөнінде қандай ақпарат бар?
– 2020 жылдың салық кезеңі үшін 515 салық төлеуші салық есептілігі нысанын «0»-дік көрсеткішпен тапсырған. Салық төлеушілермен әңгімелесу жұмыстарын жүргізу нәтижесінде 374 салық төлеуші табыс көлемін көрсетіп, қосымша салық есептіліктерін тапсырды. Басқармада мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша түскен өтініштер мерзімінен кешіктірілмей орындалуда. Жыл басынан бері 9 547 қызмет түрі көрсетілсе, 9341 қызмет электронды түрде көрсетілген.
– Салық базасын ұлғайту, қосымша кіріс көздерін анықтау бағытындағы қандай жұмыстар атқарылуда?
– Салық базасын ұлғайту және қосымша кіріс көздерін іздестіру мақсатында камералды бақылау жұмыстарын жүргізіледі. Соның нәтижесінде салық төлеушілерге хабарламалар жолданып, әңгімелесулер жүргізу арқылы жыл басынан 238,4 млн теңге түсім түсірілді.
Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасының Сырдария ауданы бойынша субсидия алған шаруашылық субьектілерінің мәліметіне сәйкес 2018, 2019, 2020 жылдары мал шаруашылығы бойынша субсидия алған шаруашылықтардың 112 шаруа қожалығымен және басым дақылдар өндіру субсидиясын алған 62 шаруа қожалығының талдау жұмыс жүргізілді. Бүгінгі күнге осы шаруа қожалықтар бойынша жалдамалы жұмысшылар саны 25-ке көбейтілді. Міндетті зейнетақы, әлеуметтік аударым, медициналық сақтандыру төлемдеріне түсім түсірілді.
Уәкілетті органның ұсынылған мәліметі бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар шығару үшін рұқсат алып қоршаған ортаға салық есептілігін табыс етілмеген салық төлеушілерге жолданылған хабарламар арқылы 2616,5 мың теңге түсім түсірілді. Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының мәліметіне сәйкес, жер қойнауын пайдаланушыға суглинкі өндіруге рұқсат берілген салық төлеушілердің тапсырып отырған салық есептіліктеріне зерделеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 2018, 2019 жылдар үшін табысын көрсетіп, 220.00 нысанындағы қосымша салық есетілігін тапсырып, 101202 бюджеттік жіктемесіне өсімпұлмен қоса алғанда 607,1 мың теңге қосымша түсім түсті.
Сырдария аудандық мемлекеттік сатып алу бөлімінің 2018, 2019 жылдар аралығында мемлекеттік сатып алу порталына қатысушылар бойынша мәліметіне жүргізілген талдау жұмыстарының нәтижесінде 101 202 бюджеттік жіктемесіне 104,3 мың теңге түсім түсірілді.
Сырдария ауданы аумағына сауда нүктелер бойынша халық көп келетін әрі табысы қомақты салық салу объектілерін анықтау әрдайым назардан тыс қалған емес. Соған сәйкес, салық төлеушілер арасында кеңінен салық заңнамасына түсіндірме, әңгімелесу жұмыстары жүргізіліп келеді.
– Мемлекеттік кірістер органдарының беделін көтеру мақсатында қабылданған жоспарлар жөнінде айтсаңыз.
– Мемлекеттік кірістер органдарының беделін көтеру мақсатында аудан әкімімен бірлесе отырып, бекітілген іс-шара жоспары қабылданған. Сол жоспарға сәйкес басқарма қызметкерлері салық төлеушілерге түсіндірме жұмыстарын жыл бойы жүргізіп келеді. Бұқаралық ақпарат құралдарына мақалалар жариялау, семинар-кеңестер және дөңгелек үстелдер өткізу және «Facebook» желісі арқылы түсіндірме жұмыстары дәстүрлі түрде жүргізілуде. Атап айтар болсақ, басқарма тарапынан салық заңдылықтарын түсіндіру мақсатында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына жыл басынан бері 192 мақала жарияланды.
2021 жылдың алғашқы жартыжылдығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы іс шарасы бойынша БАҚ өкілдерінің, аудандық прокуратура, сот, ішкі істер бөлімінің, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қоғамдық кеңесінің, аудандық кәсіпкерлік палатасы қызметкерлерінің қатысуымен семинар, дөңгелек үстелдер өткізілді. Өткізілген іс-шаралар туралы баспасөз беттерінде 5 мақала жарияланды. Жалпы, карантин талаптары сақталып, 10 семинар, 6 дөңгелек үстел өткізілді.
– Басқарманың алдағы жоспарлары туралы айтсаңыз.
– Басқарма қызметінің ең негізгі міндеті – бекітілген болжамды сапалы орындау және өткен жылдың есепті кезенімен салыстырғанда түсім көлемін ұлғайту. Мұнан бөлек МКБ қызметінің тиімділігін бағалау индикаторларының оң нәтижеде болуына жұмыс атқарып келеміз. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша іс-шара жоспарын назарда ұстаймыз.
Сұхбаттасқан А.ИБРАГИМҰЛЫ