Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Әуе компанияларының табысы төмендеді

Әуе компанияларының табысы төмендеді

2021 жылдың қаңтар айында отандық әуе компанияларының табысы 19,6 млрд теңгені құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 40,8 пайызға құлдырау байқалған, – деп хабарлады Еgemen.kz.

Аталған соманың 17,9 миллиарды жолаушылар тасымалынан түссе, 1,7 миллиард теңге – жүк тасымалын жүзеге асырудан түскен пайда. 2020 жылы қаңтар айында бұл саладағы табыс 33,1 млрд теңгені құрап, 2019-дың басымен салыстырғанда 31,3 пайыз өсім көрсеткен еді. Былтырғы қатаң шектеулердің әуе компанияларына оңай тимегенін осы бір айырмашылықтан-ақ оңай аңғаруға болатындай.

Осы жылдың қаңтар айының өзінде ел аумағында 592,1 мың адам тасымалданып, жалпы жолаушылар ағыны 845,7 млн жолаушы-шақырымды құраған. Бір айда тасымалданған жүк көлемі 2,5 мың тонна, ал жүк айналымы 5,4 млн тонна-шақырым көрсеткішіне ие.

Finprom.kz ақпараты бойынша, «Эйр Астана» әуе компаниясының рейстерді өз уақытында орындау көрсеткіші қаңтар айында 90,9 пайыз болған. Компания былтыр өз уақытында рейс орындау көрсеткішін 87,6 пайыз деп мәлімдеген.


28 ақпан 2021 ж. 468 0