Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Даму қорытындысы қандай межені құрайды?

Даму қорытындысы қандай межені құрайды?

Статистикалық мәліметтер бойынша халық саны 38369 адам, оның ішінде 19865 ер азаматтар болса, 18504 әйелдер.
2019 жылдың 10 айындаауданымызда атқарылған жұмыстар бойынша әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына келсек, ауданның барлық макроэкономикалық көрсеткіштерінде өсу тенденциясы бар.
2019 жылдың қаңтар-тамыз айында ауданның өнеркәсіп орындары қолданыстағы бағамен 1348,8 млн. теңгенің өнімін өндірді, бұл 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,7 пайызға өсті.
Өңдеу өнеркәсібінде 2019 жылы қаңтар-тамызда 970,0 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, 2018 жылдың тиісті деңгейге қарағанда нақты көлем индексі 2,1 пайыз болып отыр.
2019 жылдың қаңтар-тамыз айының қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 13180,7 млн. теңгені құрап, 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 106,4 пайыз болып отыр.
Есепті мерзімде өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара басының саны 102,4 %-ды  (32600 бас), оның ішінде сиырлар 109,2 %-ды (18600 бас), жылқы 105,9 %-ды (14000 бас), түйе 105,1%-ды (1300 бас), қой мен ешкі 104,8 %-ды (28800 бас), құс 109,6 % -ды (12882 бас) құрады.
Бөлшек сауда айналымының нақты көлемі 2019 жылдың қаңтар-тамызында 1158,9 млн. теңгені құрап, 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,3 пайызды құрады. 2019 жылдың 1 қыркүйегіне 2313 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері  тіркелді.
Жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2095 болып, өткен  жылдыңосы  кезеңімен  салыстырғанда 18,8 пайызға өскен. Жұмыспен  қамтылған адам саны 5294. Жұмыс жасап тұрған  кәсіпкерлік субъектілерінің тіркелгендерге үлесі 90,6 пайызды құрады.
Ағымдағы жылдың қаңтар-тамызында аудан экономикасына 54134,0 млн. теңге негізгі капиталға инвестиция тартылып, 72,4 пайызға ұлғайды.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 2019 жылдың 10 ай қорытындысымен 5,8 есеге ұлғайып, 28157 млн. теңгені құрады.
2019 жылдың 10 айында 12478 шаршы метргетұрғын үй салынып, 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 83,8 пайызды құрап отыр.

С.Төлегенов,
        Сырдария АСБ басшысы   
17 қараша 2019 ж. 581 0