Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада 5076 қару иесі тексерілді

Қызылордада 5076 қару иесі тексерілді

Елімізде 4 ақпаннан бастап «Қару» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Шара барысында 5076 қару иесі тексеріліп, 120 құқық бұзушылық анықталды.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 482-бабымен (қаруды заңсыз сақтау, алып жүру, тасымалдау) заңсыз айналымнан барлығы – 27 дана қарулар тәркіленген. ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабымен (қаруды сақтау ережесін бұзу) 38 азаматқа және 486-бабымен (қару тасымалдау, тіркеу ережелерін бұзу) 55 азаматқа әкімшілік шара көрілді.

17 ақпан күні сағат 23:10 шамасында Бала би ауылының шетінде күдік тудырған 38 жастағы тұрғынды тоқтатқан. Тексеру барысында ол өзімен бірге ІІО-да тіркеуде жоқ, 1-ұнғылы, 12-калибрлі аңшы мылтығын алып жүргені анықталды.

Анықталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 482–бабының 1-бөлігімен (Iшкi iстер органдарында тiркелмеген тегiс ұңғылы, газды қару мен олардың патрондарын, сол сияқты электрлі қаруды, үрлемелi қуаты 7,5 Джоульдан жоғары, калибрi 4,5 миллиметрден асатын пневматикалық қаруды заңсыз иеленіп алу, беру, өткiзу, сақтау, алып жүру, тасымалдау) әкімшілік хаттама рәсімделіп, сотқа жолданады.

Аталған бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табуда.
09 наурыз 2022 ж. 583 0