Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№32 газет

01 мамыр 2026 ж.

№ 31 газет

28 сәуір 2026 ж.

№30 газет

25 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Қару іс-шарасы өткізілуде

Қару іс-шарасы өткізілуде

Аудан тұрғындары назарына!
ҚР ІІМ-нің нұсқауына сәкес 2022 жылдың ақпан айының 4-нен бастап республика көлемінде «Қару» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
«Қару» жедел профилактикалық іс-шаралары атыс қаруын қолдана отырып жасалған қылмыстардың алдын алу және жолын кесу, азаматтық және қызметтік қару айналымына тиімді мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру мақсатында және атыс қаруын заңсыз айналымынан тоқтатуға, ұрланған және жоғалған қаруды іздеуге, сондай-ақ азаматтық қару иелерін тұрғылықты жері бойынша оның сақталу туралы заңнама талаптарының сақталуын тексеруге бағытталған.
Шара барысында аудан көлемінде барлығы 14 (он төрт) құқық бұзушылық анықталған.
ҚР Әкімшілік құқық туралы кодексінің 482 – бабымен (қаруды заңсыз сақтау, алып жүру, тасымалдау) заңсыз айналымнан барлығы – 4 дана қарулар тәркіленген. Осы кодекстің 484 – бабымен (қаруды сақтау ережесін бұзу) – 6 азаматқа, 486 – бабымен (қаруды тасымалдау, тіркеу ережесін бұзу) – 4 азаматқа әкімшілік шара көрілді.
Сонымен қатар аудан тұрғындарының назарына заңсыз қару-жарақ, оқ дәрілермен жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық немесе әкімшілік жауакершілікке тартылмайтындығын хабарлаймыз.

Сырдария ауданының Полиция бөлімінің Әкімшілік полиция бөлімшесінің азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау тобы
17 наурыз 2022 ж. 880 0