Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Зеленскийдің өміріне қауіп төніп тұрғандығы айтылды

Зеленскийдің өміріне қауіп төніп тұрғандығы айтылды

Тәуелсіздік күніне орай ұцымдастырылатын әскери шеру өткізуді тоқтатқаны үшін Украина президенті Владимир Зеленскийдің өміріне қауіп төніп тұр. Бұл туралы  ZIK каналына украиналық композитор және тележүргізуші Владимир Быстряков айтты, деп хабаралйды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ол өзінің сақтанып отырғандығын Украинаның бұрынғы президенті Петр Порошенконың өз билігін тапсырғанда "әскери формадағыларға бұйрықтар мен атақтар беруімен" байланыстырды. Оның айтуынша, бұл саясатқа әскери қызметкерлердің араласуына мүмкіндік туғызды.
 "24 тамыздағы мереке зорлық-зомбылықтың жаңа толқынын бастамаса екен деп қорқамын", - дейді Быстряков.
Ол саясаттан кеткен элиталар билікті біреуге оңайшылықпен бере қоймайтынын айтады. Өйткені олардың мойнында көптеген қылмыстар мен қан іздері бар дейді. 
Айта кетсек, 9 шілдеде Владимир Зеленский 24 тамызда әскери парад өткізудің маңызы жоқтығын айтқан болатын. Өйткені ол қымбатқа түседі. Президенттің айтуынша, одан да ол ақшаны әскери қызметшілерге: офицерлерге, курсанттарға, сондай-ақ Донбаста соғысып жатқандарға төлеген дұрыс.
Ал Зеленскийдің бұл шешімін Украинаның бұрынғы президенті Петр Порошенко оның бұл шешімін көрегенділікке жатқызбады. Өйткені ол шеру халықтың әскер адамдарына құрметтерін көрсете алатын сәт екенін айтты. 
31 шілде 2019 ж. 1 002 0