Владимир Кличко рингке қайта оралады
Аса ауыр салмақ дәрежесіндегі бұрынғы чемпион Владимир Кличко WBO, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Энтони Джошуаның спарринг-серіктерінің бірі болады. Қазіргі уақытта британиялық боксшы ресейлік Александр Поветкинмен болатын жекпе-жекке дайындалуда, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі vesti.kz порталына сілтеме жасап.
Джошуа-Поветкин жекпе-жегі 22 қыркүйек күні Лондондағы "Уэмбли" стадионында өтеді. Бұл кездесуге 28 жастағы британиялық спортшы барлық титулын тігуде, ал 38 жастағы ресейлік жекпе-жекке WBA белдігі бойынша міндетті үміткер мәртебесі арқасында қол жеткізіп отыр.
2017 жылдың тамызында Кличко спорттық мансабын аяқтағанғын жариялаған. Оның соңғы қарсыласы осы Джошуа болған еді әрі украиналық боксшы 11 раундта нокаутпен жеңілген болатын.
Ал ресейлік спортшы болса тек Кличкодан ғана жеңілген. 2013 жылы украиналық спортшы Мәскеуде болған кездесуде ресейлікті үш рет нокдаунға жіберіп, жеңіске жетті.
Джошуа бұған дейін Кличконың спарринг-серігі ретінде жаттыққан. Украиналықтың айтуынша, британиялық спортшы оның лагеріндегі өзге боксшылардан ерекше болған.