Қытайда жаңа «Ұлы қорған» пайда болады
Биыл Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінде 5700 шақырым шекара бойында шекара бақылауы күшейтіліп, жаңа «Ұлы қорған» құрылады, деп хабарлайды China Daily.
Шыңжаңдағы «Ұлы қорған» өңірге шетелден экстремизмнің, сепаратизм мен терроризмнің кіруіне жол бермеу мақсатында құрылмақ, деп мәлімдеді дүйсенбі өңірдің төрағасы Шохрат Закир. Шенеуніктің айтуынша, ел билігі маңызды облыстардағы қауіпсіздікті толықтай қамтамасыз ету үшін бар мүмкіндігін пайдалануда. Сондай-ақ, өңірдегі әлеуметтік тұрақтылықты қолдау үшін ШҰАӨ билігі шекара аудандарында инфрақұрылымды дамытып, Интернеттегі қауіпсіздік және бақылау шараларын күшейтуді жоспарлағаны хабарланды.