Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Үндістандық сиам егіздері өздерін Құдайдың ерекше сыйы деп біледі

Үндістандық сиам егіздері өздерін Құдайдың ерекше сыйы деп біледі

Үндістанның Чхаттисгарх штатындағы сиам егіздері бөлініп өмір сүруге  көмектесетін хирургиялық операциядан бас тартқандарына өкінбейтінін мәлімдеген деп жазады Stan.kz. 

"Енді бізді қаласақ та, бөлуге болмайды. Біз есейдік. Енді тым кеш. Дәрігерлер бізде бұдан кейін бөлу мүмкін болмайтындығын айтты. Біз қалай бармыз солай қалғымыз келеді. Бұл Құдайдың бізге берген ең үлкен сыйы. Денеміз екі бөлек болғанымен, жанымыз бір", — дейді 18-ге толып отырған Шиванат және Шиврам Саху (Shivanath and Shivram Sahu).

Ағайынды сиам егіздердің денелері іш аймағында қосылады. Сондықтан олар жүрек және қолы бөлек орналасқан. Кіші дәретке жеке барады.Бірақ асқазан мен аяқтары  біріккен. Олар күнделікті тұрмыстағы әс-әрекеттерді еш қиындықсыз істей алады. Барлық алты аяқтарымен жерге сүйеніп жүгіруге дағдыланған. Шиванат пен Шиврам мектепке барып, ең үздік оқушылар қатарына кірген. 

2014 жылы интернетте олардың өмірі туралы жарияланған бейнебаянның арқасында егіздерді бүкіл әлем таныды. Оларға бірнеше дәрігер хабарласып, өз көмегін ұсынған. Алайда егіздер отадан бас тартқан.

Айта кетейік, 2015 жылы Сауд Арабиясының дәрігерлері Йемендегі сиам егіздерін бөлу отасын сәтті аяқтаған еді. Абдолла мен Абдурахман атты сиам егіздерінде жалпы жамбас сүйектері, ішек және зәр шығару жүйесі ортақ болған. Операция тоғыз сағатқа созылған еді.
08 сәуір 2019 ж. 1 557 0