Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ШАҢЫРАҚТЫҢ ШАМШЫРАҒЫ

ШАҢЫРАҚТЫҢ ШАМШЫРАҒЫ


Алтын алқалы ана Гүлбарша Әбдіреева сегіз құрсақ көтеріп, жеті қыз баланы туып, өсіруде. Алтын құрсақты ана әйел бақыты дегенді Құдайдың берген перзенттері деп түсінеді. Шын мәнінде орта жастағы әйелдің көп балалы әйел атануы бүгінде сирек кездеседі. Ал, балаларының барлығы қыз бала болуы тіпті тамаша. Мұндайда Алланың құдіреті шексіз дейміз қазақы қалпымызбен.
Гүлбарша Елубайқызы өзі де көп балалы отбасынан шықса да, Батыр ана атануын ененің топырағынан деп ойлайды. Шын мәнінде Гүлбарша келін болып түскен Бейсенбайдың отбасында үшінші келін. Өмірлік серігі он ағайынды. Олар үлкен шаңырақтың ортасында өніп-өсіп, ата-енемен сегіз жылдай бірге тұрған. Жолдасымен мал бағып, қарашаңырақтың, үлкендердің бәтесін алған.
Тұңғышын 22 жасында дүниеге әкеліп, оның есімін Махаббат қойған жас жұбайлар Алланың берген перзенттеріне шек қоймаймыз, – деп шешкен. Бірінің артынан бірі, Назкен, Ұлбосын, Серіккүл, Ақжүніс, Нұрсезім, Кәусар есімді қыздар дүниеге келгенде де қабағына кірбің түспеген ана мұны өмірдің сыйы деп дұрыс қабылдайды. Қазір балаларының үлкендері тұрмыс құрған. Кішкентайлары мектеп қабырғасында. Үйдің кенжесін 40 жасында босанған, Гүлбарша қазіргі жас аналар туралы:
– Жастар алдымен тұрмыс жағдайын ойлайды. Қалай асыраймыз деп. Олай ету тіпті табиғатқа қарсы келушілік деймін. Қазақ баласының санын айтпаған ғой? Менің ойымша әр перзенттің өз несібесі болады. Ал, оның ұл немесе қыз болуы Алланың қолында. Біз де әрине, ер баланың болғанын қаладық, қыздарымыздың есімін ырымдап та қойдық. Дегенмен бергеніне шүкірлік етіп, бар мейірімімізді қызғалдақтарымызға арнап келеміз, – дейді Гүлбарша замандасымыз.
Иә, шын мәнінде бір перзентке зәру қаншама отбасылар бар. Баланың болмауынан ажырасып жатқандар да кездеседі. Ал, көп балалы болып, оны бағып-қағып келе жатқан отбасылар сиреп барады. Қайбір жылдары ауылдарда туу көрсеткіші тым төмендеп кетіп, мектепке баратын оқушылар да болмай қалған. Осындай жағдайда заманның қиыншылығын алға тартып сылтаураттық. Енді, міне ол заман кетті, еліміз егемендігін алып, еңсеміз көтерілді. Қимылдаған, ізденген, білімді адамға жұмыс көп. Отбасын қайтіп асыраймын десең де өз еркің. Сондықтан Гүлбарша сияқты Алланың бергенін дүниеге әкеліп, ұрпағымен мың жасайтын дәстүрімізге берік болғанымыз абзал.
– Менің қайынсіңлім Шолпан да Батыр ана. Оның тоғыз баласы бар. Абысын-келіндерім де көп балалы. Сондықтан мақтанышымыз – балаларымыз. Әулетіміздің басы қосылғанда, марқұм ата-енем шүкіршілік етіп отыратын. Енді өзіміз де сол жолмен келеміз, - дейді көңілді кейіппен Гүлбарша.
Бақыты мен байлығын балаларым деп білетін алтын құрсақты анаға қызыға қарай­тындар бар «Тіл көзден аман болсын» деген ниетпен Гүлбарша мен қыздарын мерекемен құттықтаймыз!
Гүлбаршамен әңгімелескенде ойыма 3 қыз тәрбиелеп өсірген ана жұмаққа барады деген сөз есіме түсті... «Шешесін көріп қызын ал» демекші қыздарға жақсы тәрбие беріп, оларды қияға қондыру ата-ананың міндеті. Бір-біріне сүйеу, демеу болған апалы-сіңлілер ең алдымен Жаратқанға шүкіршілік етіп, аналарын алақандарына салып, өссе, анаға бұдан артық жұмақ барма?


Б.ЖАНӘЛІ
07 наурыз 2018 ж. 1 618 1

Гость JeaOrer от 7 ақпан 2019 12:06
Antibiotics For Sale On Line Cialis 10 Mg Wirkung Canadian Pharmacy Viagra 100 generic levitra shipped from usa Discount Progesterone Medication With Next Day Delivery Overseas Propecia Information Leaflet For Sale Clobetasol Free Shipping Price Shop