Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Туыстары қол-аяғында артық саусағы бар баланы құрбандыққа шалмақ

Туыстары қол-аяғында артық саусағы бар баланы құрбандыққа шалмақ

Үндістанда қолында 6 саусағы мен аяғында 6 башпайы бар бала мектепке бару мүмкіндігінен айырылды. Себебі оның туыстары баланы құдайлардың құрметіне құрбандыққа шалғысы келеді.

Бұл туралы India Today басылымына сілтеме жасап Stan.kzхабарлайды.
Мемлекеттің солтүстігіндегі Уттар-Прадеш штатының Барабанки қаласында тұратын баланың ата-анасы оның өмірі үшін алаңдағандықтан, мектепке жібермей отыр. Оның туыстары баланы өлтірген жағдайда, құдайлар мол байлыққа кенелтетіні туралы естіген. Сондықтан оны құрбандыққа шалғысы келеді екен.
«Біз оны мектепке жіберуден қалдық. Және полициядан көмек сұрадық», – дейді ата-анасы.
Өз кезегінде полиция офицері Умашанкар Сингх баланың білім алуына көмектесетінін айтты.
«Мен оның сауатсыз болып қалуына жол бермеймін. Оның отбасы кедейлікте тұрады. Сондықтан мен осы қызметте отырғандықтан, оның білім алуына қажет қаражатты өз мойныма аламын. Бізге шағым түсті, сондықтан мен бұл істің тергеуін әділ жүргізетін боламын», – дейді полиция офицері.
Полидактилия – аяқ-қолдың дамуындағы тұқым қуалайтын ауытқу. Ол адамдар, иттер, мысықтар мен жылқылар арасында кең таралған. Артық саусақтардың толыққанды болуы сирек. Әдетте олар жұмсақ тін түрінде болады.
04 қыркүйек 2018 ж. 1 655 2

Гость JeaOrer от 25 ақпан 2019 02:12
Amoxicillin Side Effects Bacteria No Prescription Amoxicillin Cialis Nueva Indicacion buy generic cialis Kamagra Mujer

Гость JeaOrer от 14 наурыз 2019 00:48
Viagra Without Prescription 400 Mg Prix Du Cialis 10mg Dosage For Amoxicillin 400 5ml viagra vs cialis Flagyl Buy Online Viagra Mit 17 Prix Du Kamagra Pfizer