Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақ азаматынан қызды болдым деген конголық әйелге қатысты тың дерек шықты

Қазақ азаматынан қызды болдым деген конголық әйелге қатысты тың дерек шықты

КТК" арнасының "Астарлы ақиқат" бағдарламасы ЭКСПО-ға жұмыс істеуге келіп, Павлодар тұрғынан бала көтергенін айтқан конголық Моника Камукенж Канганзаның сөздерін жоққа шығарды. Олар қара нәсілді әйелдің өз елінен жүкті болып келгенін анықтады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Моника Камукенждің қазір Блессинг-Маша Камукен есімді 6 айлық қызы бар. Қара нәсілді ару мейрамханада биші болып жүріп, қазақстандық Мәулен есімді азаматпен танысқанын айтқан болатын.

Алайда бағдарлама жүргізушілері Мониканың айтуы бойынша Павлодардан Мәулен есімді 31-33 жастағы азаматтарды іздеген. Табылған төрт азаматтың біреуі де Мониканың айтқан азаматы болмай шықты.

Бағдарлама соңында Дина Төлепберген Моникадан қызын қашан өмірге әкелгенін сұраған.

Ал Моника Камукенж Блессинг-Маша Камукенді 19 тамыз күні өмірге алып келгенін жеткізді.

Айта кетейік, конголық ару Қазақстан шекарасына 2017 жылдың 27 желтоқсанында келген.

"Желтоқсанның 27-не Моника Қазақстанға келген. Мөртаңба тұр. Блессинг 17 тамызда өмірге келді. Егер оны 9 ай көтерген болсаңыз, сіз оны қараша айында көтергенсіз. Демек, Қазақстанға сіз жүкті болып кірдіңіз. Деректер мен дәйектер осы. Мен ештеңені ойдан шығарып отырған жоқпын. Тек осыны мойындаңыз.Сіздің ауыр жағдайыңызды түсінеміз. Біз сізге шын мәнінде көмек көрсетеміз. Егер жалған айтсаңыз, сізге көмектесу мүмкін болмайды", - деді бағдарлама жүргізушісі Дина Төлепберген.

Алайда Моника Камукенж сәбиін Конго елінен аяғы ауыр болып келгенін мойындамады.

"Мен баланың анасымын ғой. Мен ондай мәселелермен кездейсоқ келген жоқпын. Баланы қашан туғанымды білемін. Конго елінде аяғым ауыр болмады", - деді конголық ару.

29 наурыз 2019 ж. 1 277 0