Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Екі жасар бала төсекте секіріп, сан сүйегін сындырып алды

Екі жасар бала төсекте секіріп, сан сүйегін сындырып алды

Ұлыбританияда бала төсекте секіріп жатып, белін сындырып алды. Бұл туралы Daily Record хабарлайды, деп жазады Stan.kz.

Форрес қаласында тұратын екі жастағы Харрис Браун (Harris Brown) төсектің үстінде секіріп жатып сан сүйегін сындырып алды. Төсекті жинап жатқан анасы бала көп жастыққа секіргенде сүйектің сыңған дауысын анық естіген. Оның айтуынша, ұлдың денесі бір жаққа, ал аяқтары мүлдем басқа жаққа айналып кетті. Бастапқыда бала айқайлаған, жылаған. Артынан ол ұйқысы келгендей екі бүктеліп жатып қалған. 
Әйел баласын ауруханаға бірден алып келді. Рентгеннен баланың сынығы бұралмалы екені, сүйегі екіге бөлініп кеткені анықталды. "Дәрігерлер осылай сан сүйегін сындырып алған адамдар жайлы ешқашан естімеген. Бұл денедегі ең үлкен сүйек және ол қарапайым ғана жолмен сынып кетті. Дәрігерлердің айтуы бойынша, бұл сүйек адамдар аварияға түскенде, батуттан құлағанда, үйде қысым көргенде сынады",— деді шотландиялық әйел.
Алғашында дәрігерлер балада жетілмеген остеогенез, яғни сүйектердің сыңғыш болуын түсіндіретін, туа біткен ауруы бар шығар деп ойлады. Алайда, олардың болжамы шындыққа жанаспады. Дәрігерлер болған жайтты "таза сәтсіздік" ретінде бағалады. 
Бала кішкентай болған соң, дәрігерлер ота жасамау туралы шешімге келді. Олар баланы тракционды әдіспен емдеді. Браун үш апта бойы ауруханада жатып, еріктілермен ойын ойнады. 
Дәрігерлердің Браунның анасына айтуы бойынша, үлкен адамда сан сүйегі жарты жылда қайта қалпына келеді. Ал Браун екі айдан кейін жүре бастады. Үйге келген соң, бала қайтадан төсекте секіргісі келген. "Ол осы оқиғадан сабақ алды деп ойламаймын. Логикалық байланыс орнату үшін әлі кішкентай", — деді екі жастағы Браунның анасы. 
 
25 наурыз 2019 ж. 1 115 0