Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қолтырауындар жүрген өзендегі 2 метрлік акула балалар отырған қайыққа секіріп шықты

Қолтырауындар жүрген өзендегі 2 метрлік акула балалар отырған қайыққа секіріп шықты


Австралияның Квинсленд штатындағы Просерпайн қаласына жақын жерде балық аулап отырған үш бала қайықтарына секіріп шыққан акула мен оларды өзенде күтіп тұрған екі метрлік қолтырауыннан құтылуға мәжбүр болды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

«65 жасқа келіп өмірі мұндай нәрсені көрген емеспін, – дейді балалардың туысы Кен Мэдсен.
Оның айтуынша, акула балық аулап болған кезде пайда болды. Ол өзінің қайығын судан шығарып, көлігіне тиейін деген кезде судан шыққан қатты шалпылды естіп қалды. Содан кейін балалар мен олардың әкелері отырған қайықтан көмек сұрап айқайлаған дауыс естілді.
Сөйтсе олардың қайығына үлкен доғал тұмсық акула секіріп шыққан екен. Мэдсеннің сөзіне қарағанда, оның ұзындығы 2,2 метрді құрайды және салмағы 150-200 келіні тартады.
«Балалар мұрындарымен тіреліп жүгіріп келді. Өйткені қайықта артық орын жоқ еді» дейді ол.
Тек өзенде жүзіп бара жатқан қайықтың орындығы ғана көрінді. Акула оны қайыққа секіріп шыққанда сындырып жіберген»,- дейді балалардың туысы Кен Мэдсен.
Ал соған жақын жерде судың ішінде екі метрлік қолтырауын жасырынып жатқан болатын. Бұл жағдайды одан әрі қиындатты.
«Олардың бәрінің тілдері байланып, бір орында қатып қалды. Тіпті әкелері де не істерін білмей қалды»,- дейді Мэдсен.
Сол кезде балықшы оларды құтқаруға ұмтылды. Бірақ ол жақындаған кезде акуланы жеңе алмайтынын түсінді. Сонда балалар оның қайығына секіріп шығып үлгерді, ал ол олардың қайығын жағаға қарай сүйретіп шығарды. Онда ол басқа ер адамдардың көмегімен акуланы құйрығынан тартып жағаға шығарып алды. Мэдсеннің айтуынша, балалар осы жағдайдан кейін балық аулауға аяқ баспайтын болды.
17 қазан 2018 ж. 1 759 2

Гость JeaOrer от 23 ақпан 2019 04:25
Macrobid Real France viagra online prescription Kamagra Jelly Sex Pills For Men Over The Counter

Гость JeaOrer от 12 наурыз 2019 08:33
Cialis Apotheke Kaufen Canadian Pharmacy Price Check п»їcialis Cialis Preise Schweiz Viagra Coupon How To Use Cialis