Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » АРЫҚТАУҒА АРНАЛҒАН МҰЗ ДИЕТАСЫ

АРЫҚТАУҒА АРНАЛҒАН МҰЗ ДИЕТАСЫ

Денедегі артық салмақтан арылу оңай емес. Бірі арықтауға арналған жаттығулар жасаса, енді бірі диета ұстауды жөн көреді. Кезекті материалымызда ұсынатын диета түрін осы күнге дейін естімеген болуыңыз мүмкін. Ол «мұз диетасы» деп аталады. Оны дәл қазір бастауыңызға болады.

Аталған диета 6 аптаға дейін созылады. Осы уақыт аралығында 5-20 кг салмақтан арылуға болады. Ұстаған кезде ұйқы тыныш болып, қандағы қант мөлшері ретке келеді.

Буындары, тамағы ауыратын, аяғы ауыр әйелдерге ұстауға қатаң түрде тыйым салынады. Мұнымен қатар, алдын ала дәрігермен кеңесіп алған жөн.

Мұз диетасын ұлыбританиялық денсаулық сақтау саласының маманы Пета Бин ойлап тапқан. Ол осы туралы кітап та жазған. Спорт сүйер қауым оны жақсы таниды. Алайда Пета Биннен бұрын мұз диетасы тақырыбына Брайан Си Вайнер тоқталған болатын. Брайан Си Вайнер белгілі бір себептерге байланысты «Мұз диетасы» атты кітабын шығара алмай қалады. Оны Пета Би толықтырып, өңдеп шығарады. Ол екеуі де күнделікті бір литр мұздай су ішуге кеңес береді. Дәмі тәтті болуы үшін смузи қостырады. Дәрігердің айтуынша, асқазанға түскен мұзды еріту үшін ағза көп күш жұмсайды. Осының салдарынан ағзадағы май мөлшері азаяды.

miss.inform.kz
13 ақпан 2019 ж. 1 007 0