Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «Өрмекші адамға» үкім шығарылды

«Өрмекші адамға» үкім шығарылды


«Өрмекші адам» деген лақап атпен белгілі франциялық Ален Робер Ұлыбритания астанасындағы зәулім ғимараттың біріне шыққаны үшін 20 аптаға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы.
 Мұндай шешімді Лондон соты шығарды. Сот төрағасының айтуынша, Робердің әрекеті тәжірибесіз адамдарды осындай әрекетке баруға итермелеп, оның салдары ауыр болуы мүмкін. Сондықтан сот оған 5 жарым мың фунт стерлинг айыппұл салып, Ұлыбританиядағы қандай да болсын ғимаратқа өрмелеуге тыйым салды. Ал «өрмекші адам» бұл жолы Лондондағы 230 метрлік Salesforce Tower деп аталатын биік ғимараттың үстіне әдеттегідей сақтандырушы арқансыз өрмелеп шықты.
 Айта кетейік, Ален Робер әлемде 130-дан астам ғимаратты бағындарған. Олардың ішінде дүниежүзіндегі ең биік ғимарат - Дубайдағы Бурдж-Халифа мұнарасы да бар.  
29 қазан 2018 ж. 1 199 0