Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Екі метрлік қолтырауынды жұтпақшы болған анаконданы адамдар үшін қауіпсіз деп тапты

Екі метрлік қолтырауынды жұтпақшы болған анаконданы адамдар үшін қауіпсіз деп тапты


Тринидад және Тобаго ауыл шаруашылық министрлігі шаруа қызметкерлерінің көз алдында екі метрлік қолтырауынды жұтуға тырысқан, ұзындығы 3,7 метрлік анаконда адамға қауіп төндірмейтінін мәлімдеді.

Бұл туралы Trinidad Guardian хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Шаруа қожалығының қызметкері Тринидад аралының солтүстігінде жемтігін жұтып жатқан алып жыланды көрген.

«Қызметкерлердің біреуі тоғанға барған. Дәл сол уақытта алып жылан жемтігін жұтыйын деп жатқан», – дейді мал дәрігері Нешал Рамперсад.

Тоған бойына адамдар жиналып қолтырауынды жұтуға тырысқан жыланды телефондарына түсіріп алған. Олардың біреуі анаконданы түртіп жіберіп еді, алып жылан жемтігін тастап су астында жоғалып кетті. Кейінірек шаруашылық қызметкерлері оны судан алып шықты.

Рамперсадтың айтуынша, ол да, оның әріптестері де көрген оқиғаларына қатты таң қалған.

«Біз бұрын жыландармен айналысқанбыз, бірақ анаконданы алғаш рет көріп тұрмыз. Қолтырауындарды фермада кездестірсек те, олар ешқашан қиындық келтірмеді», – дейді ол.

Оқиға орнына Батыс Үндістан университетінің герпетологы шақырылды. Биліктегілер маманмен кеңескеннен кейін анаконданы жайына қалдыруды шешті. Болашақта жылан қызметкерлер мен үй жануарларының қауіпсіздігіне қауіп төндірсе, онда оны басқа жерге көшіретін болады.

Тринидад және Тобаго Кларенс Рамбарат ауыл шаруашылығы министрі анаконда жергілікті тұрғындардың құрбаны болуы мүмкін деп қорқады. «Жыланды тағам ретінде аулайтын адамдар анакондаға қауіп төндіруі мүмкін. Иә, иә, кейбіреулер үшін бұл нағыз жеңсік ас», – дейді министрліктергілер.
04 сәуір 2018 ж. 2 551 0