Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№98 газет

23 желтоқсан 2025 ж.

№97 газет

20 желтоқсан 2025 ж.

№96 газет

16 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Балықшылар абайсызда алты метрлік акуланы аулап алды

Балықшылар абайсызда алты метрлік акуланы аулап алды



Австралияның Аделаида қаласының маңынан балықшылар мөңке балығын ұстаймыз деп үлкен ақ акулаға тап болған.

Бұл туралы Daily Mail-ге сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Үш балықшы мөңке балығын аулауға ашық теңізге шыққан. Олар жағалаудан алты метр ары жүзіп барып, суға арпа тастайды. Таң қаларлығы олардың қармақтарына мөңке балық емес үлкен ақ акула жақындай түскен. Балықшылардың айтуынша, жыртқыш балықтың ұзындығы алты метрлік қайықпен тең. Бір жақсысы акула балықшыларға тиіспепті.
Үлкен ақ акула – әлемдегі ең ірі жыртқыш балықтардың бірі. Орташа есеппен олар ұзындығы 4,6-4,8 метрге дейін өседі. Өте сирек түрде 6 метрлік акуланы кездестіруге болады. Акуланың бұл түрі адам үшін ең қауіптісі болып саналады. 15 қаңтарда Австралияның Квинсленд штатында балықшылар су мотоциклімен тунец ұстаймыз деп доғал тұмсықты 15 акулаға кезіккені туралы хабар тараған болатын.
24 қаңтар 2018 ж. 2 055 0