Әйел қайтыс болған анасын жерлемей, бірнеше ай үйінде ұстаған
АҚШ-тың Энфилд қаласының тұрғыны қайтыс болған анасын жерлемей, оның мәйітін бірнеше ай бойы бақылаған.
Бұл туралы WRAL басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
69 жастағы Донна Сью Хадженстің сөзінше, ол адамның өлгеннен кейінгі күйін көру үшін, 93 жастағы анасын жерлемеген. Туыстары келген кезде, әйел түрлі сылтау айтып, оларды үйіне кіргізбей қойыпты. Ал көршілері үйден шыққан жағымсыз иісті сезіпті. Алайда ол кәріз құбырынан шығып жатыр деп ойлаған.
Хадженс жерлеу бюросына жүгінген кезде оның сұмдық әрекеті әшкере болды. Ол қызметкерлермен жерлеу туралы келіскісі келген. Алайда мәйіттің қайда екенін түсіндіре алмапты. Артынша жерлеу бюросы шақыртқан полицейлер Хадженстің үйінен мәйітті тапқан. Мәйіттің шіру деңгейіне қарағанда, қария бірнеше ай бұрын қайтыс болған.
Полиция қызметкерлері Хадженсті тұтқындады. Оған адам өлімін жасырды деген айып тағылды.