Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Полиция қызметкерлері баласын тастап кеткен әйелді тапты

Полиция қызметкерлері баласын тастап кеткен әйелді тапты


Полицейлер баланы тастаған көкек ананы тапты деп хабарлайды 31 арнасы

22 жастағы әйел баласын Қостанайдың вокзалында тастап, Астанаға кетіп қалған.
– Әйел тұратын үйі мен баланы асырайтын ақшасы болмаған соң осындай қадамға барған,-дейді Қостанай қаласындағы  ІІМ-нің баспасөз жетекшісі Ирина Беженарь
Өзінің бір жастағы баласын әйел 17 маусым күні Қостанайдың  вокзалындағы  бала мен анаға арналған бөлмеге  тастап кеткен.  Сондай-ақ  полицейлер баланың жанынан жылы киімдер мен  тамақ ішуге арналған бөтелкесі бар пакетті тапқан.  Полиция қызметкерлері баланы Сәбилер үйіне жіберіп, оның суретін әлеуметтік желілерде таратқаннан кейін, баланың анасын білетін адамдар табылды. 10 күннен соң әйел Астанада ұсталды. Енді оған  баланы қауіпті жағдайға тастағаны үшін қылмыстық жауапкершілік тағайындалуы мүмкін. Ол 220 мың теңгеге дейін айыппұл төлеп немесе қоғамдық жұмыстар жасап, 45 сағатқа дейін бас бостандығынан айырылады.
Источник: Stan.kz
30 маусым 2018 ж. 1 474 0