Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Күйеуі жедел жәрдем қызметкерлерін кіргізбей қойған: Атырауда жүкті келіншек қайтыс болды

Күйеуі жедел жәрдем қызметкерлерін кіргізбей қойған: Атырауда жүкті келіншек қайтыс болды


Атырауда 25 жастағы жүкті әйелдің өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Дәрігерлердің айтуынша, марқұмның күйеуі айы-күні жақындап қалған әйеліне жедел жәрдем қызметкерлерін кіргізбей қойған.

Бұл туралы «Мой город» порталына сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Қалалық төтенше жағдай станциясының директоры Гүлнәфис Таңбаеваның ақпаратына сәйкес, 12 қыркүйекте сағат 3.45-те «103» қызметіне Жұлдыз-1 мекен-жайынан қоңырау түскен. Жедел жәрдем шақырғандар жүкті әйелдің басы ауырып жатқанын айтқан.
«Жедел жәрдем қызметкерлері аталған мекен-жайға келген кезде 25 жастағы жүкті әйел бас ауруына шағымданды. Сөйтсе, ол геологтың дәрігерлік емханасында есепте тұр екен. Ал, бұл оның төртінші жүктілігі. Ол бұған дейін еш қиындықсыз босанған. Келіншек жүктіліктің 38-39 аптасында болған және оған паракетамол таблеткасы берілді. Бірақ, жүкті әйел ауруханаға жатудан бас тартты. Ол өзін жақсы сезінентінін және ертесі гинекологтың қабылдауына баратынын, сонымен бірге үш баланы тастайтын ешкім жоқ екенін айтты. Осылайша ол ауруханаға барудан бас тартатыны жайлы қолхат жазып берді»,- дейді Гүлнәфис Таңбаева.
Алайда, 07.20-да тағы қоңырау түсіп, жедел жәрдем тобы бірден қыздың үйіне аттанған. Бірақ, дәрігерлер келгенде жүкті әйел агрессивті әрекет жасап, өзіне ешкімді жолатпады. Ал, оның күйеуі болса фельдшерді бөлмеге кіргізбей, есікті жауып тастаған.
«Әйелді қайта қарау әрекеттері сәтсіз болды. Фельдшер жағдай туралы бірден диспетчерге хабарлады. Содан кейін олар емхана директорының орынбасарына хабарласып, жүкті әйелдің гинекологынан көмек сұрады. Тек қыздың анасы келіп, жүкті әйелді ауруханаға жатуға көндірді. Ал, күйеуі болса әйелін жеке автокөлікпен тасымалдауды талап етті»,- дейді Таңбаева.
Жүкті келіншекті ауруханаға жеткізер кезінде оған оттегі берілген. Алайда, кейінірек оның жағдайы нашарлап, аузынан көбік аға бастаған. Медициналық қызметкерлер оған магний сульфатын енгізіп, тыныс алу құрылғысын қойып оттегі беруді жалғастырды.
Жүкті әйел 08.55-де облыстық перинаталды орталықтың қабылдау бөлмесіне жеткізілді. Алайда, дәрігерлер оған жүрек-өкпе реанимациясын жасаған кезде оның жүрегі бірнеше рет тоқтап қалған.
«Дәрігерлер жүкті әйелді бір сағаттан кейін реанимациялады, ал 10.05-де оның қайтыс болғаны хабарлады. Марқұмның денесі сот сарапшыларына берілді. Қазір жүкті әйелідің өліміне қатысты тексеру жүргізілуде», – деді облыстық перинаталды орталықтың директоры Қуаныш Нанбаев.
18 қыркүйек 2018 ж. 2 890 2

Гость JeaOrer от 22 ақпан 2019 11:58
Pastillas Cytotec En Dallas Tx Aldara Levitra Original Achat cialis price Cialis Comprar Farmacia

Гость JeaOrer от 11 наурыз 2019 22:36
Prezzo Levitra 10 Mg Propecia Princesa Propecia Con Receta http://truthaboutstaininggrid.com Buy Xenical Walgreens Cytotec Prix Senegal Cialis Esperienza Personale