Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 газет

05 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Қытайдың Шыңжаң өңірінде 5,1 балдық жер сілкінісі болды

Қытайдың Шыңжаң өңірінде 5,1 балдық жер сілкінісі болды

2 сәуір күні Астана уақытымен сағат 12:39-да Қытайдың Шыңжаң өңірінде жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Қазақстанның Ұлттық деректер орталығы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Сейсмологтардың мәліметінше, жерасты дүмпуінің қуаты 5,1 балды құраған. Зілзала ошағы Үрімші қаласынан 30 шақырым жерде орналасқан.

Айта кетейік, бұл аймақта соңғы уақытта сейсмикалық белсенділік жиілеген. Мәселен, дәл осы күні таңғы сағат 04:28-де Қырғызстан аумағында да магнитудасы 4,9 болатын жер сілкінісі болған еді. Сонымен қатар 31 наурызда Қазақстанның Жетісу облысында қуаты 5,4 балдық жерасты дүмпуі тіркелген болатын.

Қазіргі уақытта Шыңжаңдағы зілзаладан зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.

Фото: Ашық дереккөз


02 сәуір 2026 ж. 157 0