Индонезиядағы зілзала құрбандары арасында қазақстандықтар бар ма?

“Біз Индонезия билігі өкілдерімен тұрақты байланыстамыз. Ақпарат болған кезде қосымша хабарлаймыз”, – делінген министрліктің хабарламасында.
Бұған дейін ақпарат құралдары Индонезияның Ломбок аралында жойқын жер сілкінісінен 91 адамның қайтыс болғанын хабарлаған еді. Зілзала құрбандарының саны әлі нақтыланып жатыр. 200-ден астам адам жарақат алған.
Еуропа-Жерорта теңізі сейсмология орталығының мәліметінше, өткен жексенбіде магнитудасы 6,6-ға тең жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулерінің эпицентрі Матарам қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 49 шақырымнан анықталды. Сілкініс ошағы 10 шақырым тереңдікте болған.