Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Вьетнамда жаңа президент сайланды

Вьетнамда жаңа президент сайланды

Бүгін Вьетнам Ұлттық ассамблеясы (бір палаталы парламент) елдің жаңа президентін сайлады. Мемлекетті енді Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық Комитеті Саяси Бюросының мүшесі То Лам басқарады, деп хабарлайды Egemen.kz

То Ламды Вьетнам президенті етіп сайлау туралы қарарды отырысқа қатысқан Ұлттық жиналыстың 473 депутатының 472-сі қолдады.

Саясаткердің ел президенті лауазымына ұсынылған кандидатурасын Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық Комитеті 16-18 мамыр аралығында Ханойда өткен кезекті пленумда мақұлдады.

То Лам 21 мамыр күні бұған дейін атқарған қоғамдық қауіпсіздік министрі қызметінен босатылды.

Айта кетейік, Вьетнамда мемлекет басшысының орны сәуірде Ұлттық жиналыстың бекітілген қарарына сәйкес Во Ван Тхуонг ел президенті қызметінен босатылғаннан кейін бос қалды.

Фото: VNA

22 мамыр 2024 ж. 244 0