Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Тоқаев төрт елге жаңа елші тағайындады

Тоқаев төрт елге жаңа елші тағайындады

Қазақстанның жаңа дипломатиялық өкілдері Вьетнам, Индонезия, Оман және Финляндия елдеріне қызмет етеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар елде Қазақстан елшілерін тағайындады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Президент бұйрығымен Ерлан Байжанов Қазақстанның Вьетнамдағы төтенше және өкілетті елшісі, Нажмедин Мұхаметәлі – Оман сұлтандығындағы Қазақстан елшісі, Данияр Сарекенов Қазақстанның Индонезиядағы елшісі және Жанна Сартбаева Финляндиядағы елші қызметін атқаратын болады.

Сондай-ақ, Бекетжан Жұмаханов Вьетнам, Камбоджа корольдігі мен Лаос халық-демократиялық республикасындағы Қазақстанның елшісі қызметінен босатылды. Ал  Ержан Мұқаш Қазақстанның Омандағы елшісі қызметін атқармайтын болады.

sputniknews.kz
20 мамыр 2019 ж. 1 195 0