Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 66 газет

03 қыркүйек 2025 ж.

№ 65 газет

30 тамыз 2025 ж.

№ 64 газет

26 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Қытайда полицияның робот көлігі сынақтан өткізілді

Қытайда полицияның робот көлігі сынақтан өткізілді

Қытайда алғаш рет жүргізушісіз патрульдік полиция көлігі сынақтан өткізілді, деп хабарлайды 24.kz.

Заманауи автокөлік қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, тәртіпті қадағалауға арналған. Автономды басқару технологиясы бар теміртұлпардың сенсорлы құралы 360 градусқа айналып, 120 метрге дейінгі аралықты бақылап отырады. Бұл жолдағы жағдайды есептеп, көліктің жүру қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ол сондай-ақ жазатайым оқиғалар мен құқық бұзушылыққа қатысты сәттерді түсіріп, орталыққа онлайн режимде жолдай алады. Өрт сөндіргіш, алғашқы көмек көрсету жинағы, жарылыстан қорғайтын киімдермен жабдықталған.


Фото: 24.kz
28 қаңтар 2024 ж. 497 0