Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 36 газет

07 мамыр 2024 ж.

№35 газет

04 мамыр 2024 ж.

№ 34 газет

30 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Лионель Месси «Барселонаға» оралуы мүмкін

Лионель Месси «Барселонаға» оралуы мүмкін

«Интер Майами» клубының шабуылшысы Лионель Месси жақын арада «Барселонаға» қайта оралуы мүмкін.

Журналист Хосеп Капдевиланың ақпаратынша, егер оның қазіргі командасы MLS лигасының плей-офф кезеңіне өте алмаса, “Барселона” “Интер Майамиге” ойыншыны жалға беру туралы ұсыныс жасайды. Егер «Интер Майами» плей-офф кезеңіне өте алмаса, Месси қазан айынан ақпанға дейін (жолдастық кездесулерді есептемегенде) жаттығусыз қалады.

Еске сала кетсек, Лионель Месси "Интер Майамидің" құрамында осы жылдың шілде айынан бері өнер көрсетіп келеді. 36 жастағы аргентиналық америкалық клуб сапында 12 матч өткізіп, 11 гол соғып, 5 нәтижелі пас берді. Месси, сондай-ақ, командасына тарихтағы алғашқы жүлдені жеңіп алуға көмектесті.

08 қазан 2023 ж. 530 0