Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 газет

05 қыркүйек 2026 ж.

№ 66 газет

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Тайландтағы катер апатынан Қазақстанның 3 азаматы зардап шекті - СІМ

Тайландтағы катер апатынан Қазақстанның 3 азаматы зардап шекті - СІМ

Тайландтағы катер апатынан Қазақстанның 3 азаматы зардап шекті. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Тайландтағы Қазақстан консулының ақпаратына сәйкес, катердегі жолаушылардың арасында Қазақстанның 4 азаматы болған. Олардың үшеуі медициналық көмекті қажет етті. Дәрігерлер қарағаннан кейін екі отандасымыз ауруханаға жатқызылды. Олардың жағдайы тұрақты, денсаулықтары мен өмірлеріне ешқандай қауіп жоқ», - деді Айбек Смадияров.

Оның атап өтуінше, барлық медициналық шығынды катерге иелік ететін тай компаниясы мойнына алып отыр.

«Консулымыз зардап шеккен азаматтармен де, жергілікті билікпен де үнемі байланыста», - деді ресми өкіл.

Бұған дейін Тайланд жағалауында қайық дабыл мұнарасына соғылып, 35 адам зардап шеккенін хабарлаған болатынбыз.
18 мамыр 2023 ж. 650 0