Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 49 газет

05 шілде 2025 ж.

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Алматыда қанша адам қан тапсырды?

Алматыда қанша адам қан тапсырды?

Алматыда 500 адам Bek Air ұшағы апатынан аман қалған адамдарға қан тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қала емханаларының бас дәрігерлерімен кездестім. Әуе апатынан зардап шеккен 49 пациенттің жағдайын білдім. Оның ішінде 9 бала бар. Ауруханаға түскен соң дәрігерлер, психологтар, медқызметкерлер үздіксіз көмек көрсетіп жатыр. 19 ота жасалды»,- деді Бақытжан Сағынтаев Instagram желісіндегі парақшасында.

Оның айтуынша, таңертең жапа шеккендердің жағдайы тұрақталады.

Барлығы травматикалық шок жағдайынан шығарылды. Бірқатары жансақтау бөлімінде бөлімшелерге ауыстырылды.

«Алматылықтар бей-жай қарап қалмады. Кеше қалалық қан орталығында 341 донор, республикалық орталықта 149 донор қан тапсырды. Қала тұрғындарына алғыс білдіремін»,- деді әкім.

28 желтоқсан 2019 ж. 640 0