Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытайда қазақстандық студент қыз тұтқындалды: есірткі сатумен айналысты деген айып тағылып отыр

Қытайда қазақстандық студент қыз тұтқындалды: есірткі сатумен айналысты деген айып тағылып отыр

Қытайда оқып жатқанына 6 жыл болған Юлия Ходеваның оқу бітіруіне екі ай ғана қалған еді. Есірткі сатты деген күдікке ілген қыздың үстінен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп кеткен. Бұл іс елшіліктің тікелей бақылауында деп хабарлайды "Мой город"сайтына сілтеме жасап Stan.kz

Осы жылдың 27-ші ақпанында, Қазақстан азаматы Юлия Ходева, Чжэцзян провинциясындағы құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне ұсталғандығын ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров хабарлайды.
«Қазақстандық қыз есірткі сақтады және таратты деген  күдікке ілінген. Қазақстан Республикасының Шанхайдағы Бас консулдығы Юлия Ходева мен оның туыстарына хабарласып, жергілікті заңгерлер арқылы заң туралы  кеңес берген. Қызбен тікелей байланыста болған елшіліктің  өкілдері Ходевада  қамауға алу және денсаулық жағдайына қатысты шағымдар жоқ екендігін айтты», - деп мәлімдеді Айбек Смадияров.
Бұл мәселені бақылауға алған елшілік өкілдерінің айтуына қарағанда тергеу үш айға дейін созылуы мүмкін.
Естеріңізге сала кетейік, 25-жасар Юлия Ходева 28 ақпанда Хуанчжоу қаласында наркотикалық тауар ұстауды және таратты деген күдікпен ұсталған еді. Анасы Оксана Ходеваның айтуына қарағанда Юлия Қытайда оқып жатқанына алты жыл болған. Оқуды аяқтауына небәрі екі ай ғана қалған екен. Қызының есерткі сату фактісімен ұсталды дегеніне анасы сенгісі келмейді.
09 наурыз 2019 ж. 703 0