Роналдумен кездескен қазақ баласы жазаланды
Kyzylorda-news.kz. Алтын доп иегері Криштиану Роналдумен кездесу үшін алаңға жүгіріп шыққан қазақстандық жанкүйер Ахмади Ержанов пен оның әкесі Сингапур құқық қорғаушылары тарапынан жазаланды. Бұл туралы ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров айтты.
«Бүгін Ювентус пен Тоттенхэм арасындағы матч барысында қазақстандық 14 жастағы жанкүйер Ахмади Ержанов футбол алаңына жүгіріп шығып, Роналдумен суретке түскен. Бұл әрекеті үшін ол әкесімен бірге жергілікті полиция бөлімшесіне жеткізілді. Сингапурдағы заң талаптарының қаталдығын ескерсек, балаға қомақты айыппұл салынуы тиіс болатын. Осы оқиғадан құлағдар болған консул полиция бөлімшесіне келді. Ұсталған азаматтар ағылшынша білмегендіктен, оларға ағылшынша көмек көрсетілді. Нәтижесінде іс материалдары прокуратураға беріліп қойса да Сингапурдағы консул полиция өкілдеріне жағдайды түсіндірді. Соның арқасында жасөспірім айыппұл төлемей, тек ескерту алды. Ахмади – жолы болғыш жігіт екен», - деді Айбек Смадияров.
ҚР СІМ өкілі қазақстандық азаматтар қиын жағдайға тап болса, бірден консулға жүгінуді ескертті.