Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 100 газет

31 желтоқсан 2025 ж.

№ 99 газет

27 желтоқсан 2025 ж.

№98 газет

23 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Қазақстан мен Бангладеш консулдық консультация өткізеді

Қазақстан мен Бангладеш консулдық консультация өткізеді

Қазақстан мен Бангладеш арасында бірінші консулдық консультация өтеді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін Қазақстан Республикасы мен Бангладеш Халық Республикасы арасында алғашқы консулдық консультациялар өтеді. Қазақстандық тарапты ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментінің директоры Бауыржан Ақатаев, ал Бангладеш делегациясын Шығыс Еуропа және ТМД елдері департаментінің бас директоры Сикдер Бодыразаман басқарады», - деді Айбек Смадияров.

Оның атап өтуінше, тараптар дипломатиялық және қызметтік, ресми паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы үкіметаралық келісімге тез арада қол қою арқылы екіжақты форматтағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылайды.
05 қыркүйек 2022 ж. 574 0