Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№76 газет

06 қазан 2026 ж.

№75 газет

03 қазан 2026 ж.

№74 газет

29 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Роналду мен Месси бір-біріне қашан қарсы ойнайтыны белгілі болды

Роналду мен Месси бір-біріне қашан қарсы ойнайтыны белгілі болды

Лионель Месси мен Криштиану Роналду ойнайтын Францияның "Пари Сен-Жермен" және Сауд Арабиясының "Аль-Наср" командалары 19 қаңтарда жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 


Франциялық клуб қысқы оқу-жаттығу жиынының күнтізбесін жариялады. Команда аталған дайындықты жылда Сауд Арабиясы және Қатарда өткізіп келеді.

"Пари Сен-Жермен" 17 қаңтарда Қатар астанасы Доха қаласына келеді. Онда 2022 жылғы әлем чемпионаты өткен стадиондардың бірінде жаттығу жұмыстарын жасайды. Одан кейін 19 қаңтарда жергілікті "Аль-Наср" және "Аль-Хиляль" клубтарымен жолдастық кездесу өткізеді. Содан кейін қайтадан Парижге аттанып кетеді.

Айта кетсек, "Аль-Наср" командасында португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду ойын көрсетеді. Ол аталған клубпен өткен жылдың соңында келісім-шартқа қол қойды.
09 қаңтар 2023 ж. 1 135 0