Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№43 газет

09 маусым 2026 ж.

№42 газет

06 маусым 2026 ж.

№41 газет

02 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Индонезияда жанартау атқылады

Индонезияда жанартау атқылады

Индонезияның Шығыс Ява аралында биіктігі 3676 метр болатын Семеру жанартауы атқылай бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Табиғи апаттарды басқару ұлттық басқармасының (BNPB) баспасөз хатшысы Абдул Мухаридің айтуынша, лава ағындары жанартау етегіндегі өзенге жеткен. 

Жанартау аймағындағы бірқатар елді мекенді күл басқан. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ. 

Жүздеген жергілікті тұрғындар эвакуацияланған. Билік аралдағы қауіптің максималды деңгейі туралы ескерту жасады. 

Еске салсақ, 2021 жылдың 4 желтоқсанында Семеру жанартауының атқылауы салдарынан 51 адам қаза тапқан еді. 

Айта кетейік, Индонезияда 130-ға жуық белсенді жанартау бар.
05 желтоқсан 2022 ж. 1 110 0