Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 газет

05 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Словенияның президенттік сайлауында Пирц-Мусар жеңіске жетті

Словенияның президенттік сайлауында Пирц-Мусар жеңіске жетті

Словенияда президенттік сайлаудың екінші турында тәуелсіз кандидат, заңгер Наташа Пирц-Мусар жеңіске жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алдын ала есеп бойынша, солшыл көзқарасты саясаткер сайлаушылардың 53,86 процент дауысын жинады. Ал оның қарсыласы Словения демократиялық партияның өкілі, бұрынғы Сыртқы істер министрі Анже Логар 46,14% қолдауға ие болды. Осылайша Словенияда 54 жастағы Наташа Пирц-Мусар алғаш әйел президент атанғалы тұр. Жалпы бұл елде президенттің ел саясатына ықпалы аз.

Наташа Пирц-Мусар, президенттікке үміткер:

- Құрметті азаматтар! Мен Президент сарайына сіздердің маған артқан үлкен үміттеріңізді арқалап, нық сеніммен кіретін боламын. Халқыма аянбай қызмет етіп, еліміздің конституциясы мен демократияны қорғауға күш салуға уәде берем.
14 қараша 2022 ж. 726 0