Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 84 газет

04 қараша 2025 ж.

№83 газет

01 қараша 2025 ж.

№82 газет

29 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
» » Coca-Cola Түрікменстандағы өндірісін тоқтатты

Coca-Cola Түрікменстандағы өндірісін тоқтатты


Азаттық радиосы түрікмен қызметінің дереккөзіне сүйеніп, «Coca-Cola Türkmenistan» компаниясы қызметін тоқтатып, ондағы қызметкерлердің бәрін жұмыстан шығарғанын хабарлады.
Алайда «Coca-Cola Turkmenistan» компаниясына иелік ететін «Coca-Cola İçecek» түрік компаниясы Түрікменстандағы жұмыстарын тоқтатпайтынын мәлімдеді.
«Компанияға қатысты мәлімет шындыққа сәйкес келмейді. Түрікменстандағы жұмысымызды жалғастырып жатырмыз. «Coca-Cola İçecek Turkmenistan» фирмасы таза және газдалған су өндіреді. Ашхабадта, біздің фирмада 300 адам жұмыс істейді», - деп мәлімдеді компания басшылығы.Бірақ «Coca-Cola İçecek» компаниясының өкілі Александр Аккирман валютаны конвертациялауға байланысты қиындықтар болып жатқанын мойындады. Осыған байланысты «Coca-cola» сусынын шығаруды тоқтатқан.
Қараша айында «Coca-cola» сусындары Түркіменстанда 2-3 есеге қымбаттап кеткен. Астанадағы «Шахада», «Бағтыярлык» және «Кәмил» секілді ірі супермаркеттерде «Coca-cola» өнімдері көрінбейді.

07 желтоқсан 2017 ж. 1 700 0