Ауа райына байланысты ескерту жарияланды
![](/uploads/posts/2017-11/thumbs/1511931176_1511927630_20171129073714.jpg)
«Қазгидромет» РМК Қазақстанның екі облысында ауа райының күрт құбылуына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
29 қараша күні Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ болып, 29 қараша-1 желтоқсан күндері кей жерлерде тұман түседі.
Оңтүстік Қазақстан облысында 29 қараша күні кей жерлерде оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Пікір 5