Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » 2020 жылы ең көп ізделген сөз

2020 жылы ең көп ізделген сөз

Британияның Collins сөздігі 2020 жылдың ең көп ізделген сөзі деп " "локдаун" (lockdown) атауын атады, деп хабарлайды massaget.kz

Аталмыш сөздік "локдаун" сөзіне "пойызда, әлеуметтік қарым-қатынас пен қоғамдық ортада қатаң шектеу шараларын енгізу" деген анықтама берген. Терминнің басқа да мағыналары бар. Мәселен, аталмыш сөздіктің америкалық нұсқасында "түрмеге қамалғандардың өз камерасына қамап, жүріп-тұруы мен басқа да іс-қимылына шектеу қойып, төтенше қауіпсіздік шарасын енгізу" деп анықтама берілген.

Сөздіктер локдаунның тар мағынада қолданылған сөз екенін байқаймыз. Алайда COVID-19 індеті тарап, пандемия орнаған кезде, "локдаун" сөзі кең қолданысқа еніп, енді "қатаң изоляция" ұғымына ойысқан. ВВС деректеріне сүйенсек, былтыр "локдаун" сөзінің 4 мың ізделімі тіркелсе, биыл 250 мың рет ізделімі тіркелген.

Жалпы биыл коронавирус пандемиясына қатысты сөздердің көп ізделгені байқалады. Көп ізделген сөздердің ондығында "демалыс" (furlough), "өзін-өзі оқшаулау" (self-isolate), "әлеуметтік арақашық" (social distancing) және "коронавирус" (coronavirus) сөздері бар.


16 қараша 2020 ж. 776 0