Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Министр үш сценарий ұсынды

Министр үш сценарий ұсынды

ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирус бойынша жағдайдың қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақордада өткен кеңесте Денсаулық сақтау министрлігінің жаңа басшысы елдегі эпидемиологиялық жағдайды дамытудың үш негізгі сценарийі бар екенін мәлімдеді. Олардың екеуінде ұлттық локдаун қарастырылған (төтенше жағдайға байланысты белгілі бір аймақтан еркін кіруге немесе шығуға тыйым салу).

Бірінші сценарий бойынша карантинсіз тамыз айының соңына қарай COVID-19 жұқтырған күніне 27 мың науқас тіркеледі. Инфекциялық және провизорлық стационарларда орындарға деген қажеттілік 300 мың адамға бағаланады.

Екінші сценарий екі апталық ұлттық локдаунды қамтиды. Бұл ретте ауруханаға жатқызуды талап ететін күніне жеті мың жағдайға дейін тіркелетін болады.

Үшінші сценарий төрт апталық локдаун болса, эпидемияның дамуын көрсетеді. Ол кезде тамыз айының соңында ауруханаға жатқызуды талап ететін күніне 2500 оқиға тіркеліп, төсек қажеттілігі 30 мыңға дейін өседі.

"Бұл болжам халық арасында жұқтыру тізбегінің алшақтығы, сондай-ақ тиісті инфрақұрылымды дайындау тұрғысынан аса тиімді деп санаймын", - деп мәлімдеді Алексей Цой Президент алдында сөйлеген сөзінде.
01 шілде 2020 ж. 388 0